Мәдениет

Түрік телехикаясына музыка жазды



«TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі «Mendirman Jaloliddin» түрік тарихи сериалының екінші маусымына саундтрек жазды.

Тарихи драма жанрындағы сериал Хорезмшах мемлекетінің соңғы өкілі, құдіретті билеуші Жалал ад-Динге арналған. Фильмның продюсері – Мехмет Боздаг, режиссері – Нұрғиса Әлмұрат. Фильмнің екінші маусымының шығуы 2023 жылдың 14 ақпанына жоспарланып отыр.

Аталмыш сериалда саундтрек ретінде ансамбльдің 5 шығармасы орындалады.  Бұл сериал – ансамбль топтамасындағы кезекті халықаралық жобалардың бірі. «TURAN» ансамблі бұған дейін «Diriliş Ertuğrul» (реж: Mehmet Günay, Түркия), «İsimsizler» (реж: Emre Konuk, Түркия), «Дала дауысы» (реж: Ермек Шынарбаев, Қазақстан-Франция) және т.б. халықаралық жобаларға музыка жазған болатын.

«ТURAN» фольклорлық-этнографиялық ансамблі осы уақыт аралығында әлемнің 70-ке жуық елдерінде 1300-ден астам жеке концерт өткізді. Шығармашылық ұжым «Карнеги Холл» (Нью-Йорк, АҚШ), «Кеннеди орталығы» (Вашингтон, АҚШ), «Концерт үйі» (Берлин, Германия), «Кремль сарайы» (Мәскеу, Ресей), Санкт-Петербургтегі «Мария театрының концерт залы» (Ресей), «Конгресстер мен фестивальдер сарайы» (Канн, Франция), «Салле Корто» (Париж, Франция) сияқты атақты залдарда өнер көрсетті.

2008 жылы құрылған ансамбль құрамында 30-дан астам ұлттық аспаптарда ойнайтын өнерпаздар бар. Бұл – Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Жанту Дадабаев.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button