Қоғам

Тұңғыш ғарышкермен жүздесу



Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров «Egemen Qazaqstan» газеті редакциясында қонақта болып, журналистерман жүздесті.

Кездесу барысында тұңғыш ғарышкер туралы «Ер Тоқтар» деп аталатын жаңа кітаптың авторы белгілі қаламгер Талғат Сүйінбай әңгімелеп берді.  Эссе, сыр-сұхбат, құжат-қоржын атты үш бөлімнен тұратын кітап Республика күніне орай баспадан шыққалы тұр. Емен-жарқын күйде өткен кездесу барысында мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов, «Қазақ газеттері» медиасеріктестігінің басшысы Дихан Қамзабекұлы батыр туралы ойларын айтып, кітап авторына ризашылықтарын білдірді.

«Бұл кітапты баспаға жібермес бұрын қарап, оқып шықтым. Басынан аяғына дейін болған оқиғаларды тізбектеп жазып, баяндап шыққан. Автор тарихи даталарды да қамтыған. Барлығы да – өмірде болған жайттар. Менің ойымша, бұл мен үшін емес, егемен елімнің тұрғындарына қажет кітап болады деп ойлаймын, – деді Тоқтар Әубәкіров.

Қазақтың тұңғыш ғарышкеріне журналистер сан алуан сұрақ қойды. Халық қаһарманы әрбір сұраққа асықпай, тұшымды жауап берді.

1991 жылдың 2 қазаны – қазақ баласының ғарышқа ұшқан күні. Дәл осы Тоқтар Әубәкіров «Союз ТМ» ғарыш кемесімен «Мир» орбиталық кешеніне космонавт-зерттеу­шісі ретінде ұшты. «Союз ТМ» экипажында одан бөлек, совет ғарышкері Александр Волков пен австриялық космонавт Франц Фибек болды. Ғарышкерлер «Мир» кешенінде бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 10 қазанда экипаж жерге оралды.


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button