Қала мен Сала

Тұрғын үйлерді өрттен сақтайық



Жеке тұрғын үйлердегі, ғимараттардағы өрттер әдетте темекі шегу, сіріңке, алау, дәнекерлеу шамдарын қолдану секілді отпен жұмыс істеудегі немқұрайлылық және жылыту аспаптары мен электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі ақаулар нәтижесінде пайда болады. Көптеген жағдайларда тұрғындар күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамайды, өрт туындаған жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керектігін білмейді.

Жеке тұрғын үйдің әрбір иесі күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі шараларын білуі және қатаң сақтауы қажет. Бұл ретте алдымен, аумақты күтіп ұстау керек. Біріншіден, бау-бақша учаскелерінің аумағы жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, ыдыстардан, құрғақ шөптерден, ағаш жапырақтарынан және т.б. қажетсіз заттардан уақтылы тазалануы керек, Оларды арнайы бөлінген алаңдарда контейнерлерге немесе жәшіктерге жинап, содан кейін әкету керек. Бұл сақтық шарасы жыл бойы сақталуы керек!

Өрт сөндіру үшін пайдаланылатын жолдар, өтпелер, кіреберістер, үйлер мен су көздеріне өтетін жолдар әрқашан бос болуы керек. Ашық алаңдарда және аулаларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстарды, сондай-ақ сығылған және сұйытылған газдары бар баллондарды қалдыруға рұқсат етілмейді. Ас үй плиталарын және басқа да жылытқыштарды газбен жабдықтауға арналған газ баллонды қондырғылар үйге кіреберістен 5 метрден жақын орналаспауға тиіс. Құрылыстарға жақын жерде от жағуға және сөндірілмеген көмір мен күлді тастауға жол берілмейді.

Сондай-ақ әрбір тұрғын ғимаратта су бөшкесі (жазғы кезеңде), өртке қарсы құрал-жабдықтар және шатырға жететін баспалдақ болуы керек. Шатырлардың, техникалық қабаттардың және жертөлелердің терезелері әйнектеліп, есіктері жабық күйде ұсталуы керек.

Электр желілері мен электр аспаптарын пайдалану кезінде зақымдалған оқшаулағышы бар электр сымдары мен сымдарды пайдалануға, электр желілерін қорғау үшін қолдан жасалған сақтандыр­ғыштарды (сымды бұрау, шегелер және т.б.) қолдануға, электр үтіктерін, электр плиткаларын, жанбайтын тұғырлары жоқ электр шайнектерін пайдалануға және үйдегі жылыту электр құралдарын қолдануға, электр желісіне бір мезгілде жоғары қуатты бірнеше электр аспаптарын қосуға тыйым салынады. Электр энергиясын беруді тоқтатқан жағдайда кезекші қызметтің электр монтерін шақыру қажет.

Бақша үйлерінде, саяжайларда және коттедждерде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш материал­дарды, ескі жиһаздарды, шаруашылық және басқа да заттарды шатырларда сақтауға, дәнекерлеу орнын жанғыш материалдардан алдын ала тазаламай және өрт жұмыстарын жүргізу орнын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етпей электр және газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге және сарайлар мен шатырларда, сондай-ақ жанғыш материалдар сақталатын басқа жерлерде темекі шегуге, сондай-ақ ашық отты пайдалануға тыйым салынады.

Қала тұрғындарын сақ болуға, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасауға шақырамын.

Сағынтай ҚАДЫРБЕКОВ,

Астана қаласы ТЖД Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button