Ел тынысы

Елорда архивінде «Тың өлкесі» виртуалды көрмесі өтуде



Елорда архивінде «Тың өлкесі» виртуалды көрмесі өтуде. Барша қала тұрғындары мен қонақтарын өлкенің өткен тарихымен танысуға шақырамыз, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Еліміздің тарихындағы ең бір маңызды кезеңнің бірі – тың және тыңайған жерлерді игеру. 1954 жылы 23 ақпан – 2 наурыз аралығында болған КСРО Министрлер Кеңесі мен СОКП Орталық Комитетінің «Астық өндірісін арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулысы шығысымен тың өлкесіне Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен еріктілер ағыла бастады. Тың және тыңайған жерлерді игеруге жүз мыңдаған еріктілер келсе соның ішінде 500 мыңнан астам адам комсомолдық жолдамамен келді.

«Қоғамда Қазақстандағы тың игеру науқаны туралы қарама-қарсы пікірлерді жиі естиміз. Бірі жер, тіл, ұлт мәселесіндегі кедергілер болса, енді бірі еліміз әлемдегі астықты державалар қатарына қосылды. Тарихты біржола сызып тастауға болмайды. Қазіргі уақытта тың және тыңайған жерлерді игерудің оң және теріс жақтары туралы ғалымдар түрлі зерттеулер жүргізуде. Замана шежіресін өтіп жатқан құбылыстарға терең талдау жасап, архив деректеріне үңіліп, болашақты болжап, ең дұрыс жолды таңдап алу керек екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Архивке келіңіздер, тарих шындығына көз жеткізіңіздер!», – дейді Астана қаласы мемлекеттік архивінің Ғылыми-зерттеу және ақпараттық-түсіндіру жұмысы қызметінің басшысы Ғазиза Исахан.

Астана қаласы мемлекеттік архив қорында Тың өлкесі мен Целиноград қаласының мемлекеттік басқару органдары мен мекемелері, ұйымдарының, өндіріс орындарының құжаттары сақталған. Сонымен қатар, Тың өлкесінде тың және тыңайған жерлерді игеру тарихы бойынша құжаттар коллекциясы және тың игерушілердің жеке тектік қор құжаттары мемлекеттік қорғауда.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button