Елорда тынысы

Үлескерлермен кездесті



Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған бірқатар тұрғын үй кешені үлескерлерімен кездесті.

«Бас қалада құрылысы ұзаққа созылған бірқатар нысан бар. Олар: «Территория комфорта-1»-дің 2-кезегі, «Триумф Сити», «Future home» тұрғын үй кешендері. Үлескерлердің жалпы саны – 800-ге жуық отбасы. Мәселен, «Территория комфорта» тұрғын үй кешенінің құрылысы осыдан 20 жылдай уақыт бұрын басталған. Техникалық тексеру кезінде ғимараттың апатты жағдайда екені анықталды. Тиісінше, апатты күйдегі тұрғын үй кешенінің барлық блогын бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 2021 жылы «Территория комфорта» ТК бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, 100-ден астам үлескер отбасы пәтер кілтін алған. Қалған блоктар бойынша жұмыс жүріп жатыр» деді елорда әкімі.

Жеңіс Қасымбек «Триумф Сити» мен «Future home» тұрғын үй кешендерінің құрылысы 10 жыл бұрын басталғанын, «Future home» тұрғын үй кешенін өткізу кезінде 4 және 7 қабаты ғана салынғанын еске салды.

«Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олардың бір бөлігін қазірдің өзінде аяқтадық. Үлес құрылысы нысандары бойынша қадамдық іс-шара жоспары бар. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында» деді Жеңіс Қасымбек.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button