Елорда тынысы

Үлкенге құрмет – кісіліктің белгісі



Қазан – Қазақстанда үлкендерге қамқорлық көрсету дәстүрге айналған ай. Бұл күндері егде адамдарды әлеу­меттік қолдау айлығы өтеді. Қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар өкілдері мен елдің қарапайым азаматтары үлкендерге ерекше көңіл бөліп, қамқорлық танытады. Осы ретте елорда әкімдігінің, сонымен бірге әуелі Целиноград, сосын Ақмола және ақырында елордасы – Астананың жергілікті атқарушы органдарында әр жылдары еңбек еткен ардагерлер де назардан тыс қалмай, олардың басын қосқан жиын өтті. 

Кездесуді сөз сөйлеп ашқан, әкімдік жанындағы бастапқы ардагерлер ұйымының төрағасы А.Жанатаев жиынға қатысқандарды мерекемен құттықтап, олардың қатарымызда ұзақ та тың қалпында жүруіне тілектестік білдірді.

– Сіздердің табанды еңбегіңіз өскелең ұрпақ үшін үлгі мен өнеге болды. Себебі сіздер елорданың қалыптасуы мен дамуына тікелей қатысып, бел ортасында жүрдіңіздер, – деп атап өтті ол.

Қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Әлмұханов пен оның орынбасары А.Сәбит те құттықтау тілектерін жеткізді. Сонымен қатар аға буын өкілдеріне ұдайы қамқор көңіл білдіріп, қолдағаны үшін қала әкімі Жеңіс Қасымбекке, қала әкімі аппаратының басшысы Д.Ешкеевке алғыс айтылды.

Кездесу барысында танымал әндерді шырқаған өнерпаздар көпшіліктің көңілін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жиыннан естелік ретінде барлық қатысушыларға «Астанаға 25 жыл» кітабы сыйлық ретінде берілді.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button