Мәдениет

Үздік волонтерлер мен белсенділер



«Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының үздік волонтерлері мен белсенділері қоғамдық қызметі, еліміздегі жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін «Рухтастар» жастар сыйлығымен марапатталды. Салтанатты рәсімге «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов, Парламент депутаттары, Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов қатысты. 

– Әділетті Қазақстан білімді және еңбекқор жастардың күшімен құрылады. Елдегі барлық бастамалар мен реформалар жастармен бірге іске асырылып келеді. Жас қазақстандықтар өз қарым-қабілетін таныту үшін барлық мүмкіндікке ие болуы тиіс, – деді «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Волонтерлер мен белсенді жастар бірнеше аталым бойынша марапатталды. Соның ішінде «Жылдың әлеуметтік жобасы» аталымын «Tahtay Team» жекпе-жек клубының негізін қалаушы, MMA кәсіби спортшысы, астаналық Василий Тахтай «Баршаға арналған ғылым» жобасының жетекшісі Валерия Астаповамен (Петропавл) бөлісті. Астаналық студент Диас Түгелбаев пен Тараздан келген Аяулым Расылхан «Рухты белсенді» жыл белсендісі аталымы бойынша жылдың үздік белсенділері атанды. «Белгісіз Қазақстан» блогының авторы, астаналық Диас Камериданов «Медиа саласының үздігі» аталымында жеңімпаз деп танылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button