ЖаңалықтарҚұқық

ҮЙЛЕР ҚАШАНҒЫ ҮЗДІКТІРЕР ЕКЕН?



Астана қаласының Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар күрмеулі тұрғын үй құрылысын аралады. Олардың қатарында «Азбука жилья» компаниясы аяқтауға шамасы жетпеген «Айсанам», «Айсанам Delux» кешендері мен «Номад-Строй» ЖШС-нің «Future Home Astana» нысаны бар.

c

– Құрылыс саласының жайы қашан да қала әкімдігінің бақылауында. Қоғамдық кеңестің кезекті көшпелі мәжілісі құрылысы ұзаққа созылып кеткен нысандарға арналып отыр. Біздің мақсатымыз – құрылыс салуда туындап отырған мәселелерді анықтап, мердігерлер мен үлескерлерді алаңдатып отырған жайтты өз көзімізбен көру. Мән-жайға қаныққаннан кейін бұл мәселе осы қараша айдың соңында жос­парланып отырған алқалы жиында кеңінен талқыланатын болады, – дейді Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Мұхтар Еркетаев.
Қоғамдық кеңес мүшелері алдымен ат басын тіреген «Айсанам» тұрғын үй кешені басқа тапсырыс берушінің қолына өткеннен кейін жұмысы қызып, бүгінде құрылыстың 90 пайызы салынып бітіпті.
Ал «Айсанам Delux» тұрғын үй кешеніне қатысты сот ісі қозғалған. Құрылысты аяқтауды мойнына алған жаңа компания нысанды әзірше өз қаражатымен тұрғызып жатыр. Кейін сот процесі аяқталып, бұрынғы құрылыс салушының есепшотындағы ақша осында аударылса, тұрғын үй кешенін келесі жылдың IV тоқсанында пайдалануға береміз дейді мердігерлер.
Комиссия мүшелері аралаған нысан­дардың ішіндегі құрылысы тоқтап тұрғаны – «Future Home Astana» тұрғын үй кешені. Осы нысаннан үй аламын деп қаражатын салған үлескер Әсемгүл Рахметованың айтуынша, құрылыстың іргетасы 2013 жылы қаланып, былтыр тапсырылуға тиіс болатын. Бірақ бүгінге дейін тек 6-шы қабатының қаңқасы ғана тұрғызылған нысан биыл да бітетін түрі көрінбейді. Осы құрылысқа қатысты Астана қаласы Ішкі істер департаменті қылмыстық істі бастап та кеткен. Содан кейін барып аталмыш тұрғын үй кешенінің әрі қарайғы тағдыры белгілі болмақ.

Қымбат НҰРҒАЛИ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button