Мәдениет

Ұлттық мереке ұлықталды



Елордада Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияда «Тәуелсіздік таңы» атты мерекелік танымдық-патриоттық кездесу өтті. Оны  Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығы, қалалық «Әділет» кәсіподағы мен Астана қаласы Орталықтандырылған балалар кітапханасы ұйымдастырды.

Кездесуге қаламыздағы мектеп, колледждерден рухани тіл, салт-дәстүр, әдет-ғұрып жанашырлары сегіз қырлы, бір сырлы кітапханашылар, тарихшылар, музыка мектептерінің ұстаздары, еңбек ардагерлері, 10-11 сынып оқушылары қатысты.

Кездесуде сөз алған белгілі күйші Секен Тұрысбеков желтоқсанда бастан кешкен  естеліктерін айтып, жалғасын күй ырғақтарымен жеткізді.

Басқосуда сол Желтоқсан күндері алаңға барған жастың бірі – сол кездегі ҚазГУ-дың химия факультетінің студенті, Ы.Алтынсарин және «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегері, Астана қаласындағы Төлеген Айбергенов атындағы мектептің директоры – Сәуле Әзімханованың да естеліктерін тыңдады.

Оспан СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ,

Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі, зейнеткер




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button