Мәдениет

Ұлттық құрама жасақталады



Елорда елшілік чемпионаттар мен байрақты бәсекелер өтетін орталыққа айналды. Жыл басынан бері қаншама Азия және әлем чемпионатын көріп, өзіміздің спорт саңлақ­тарына жанкүйер болдық. Сондай спорт додалары жалғасын тауып, қараша айында бокстан Қазақстан спартакиадасы мен дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді.

13-19 қараша аралығында «Beeline Arena» спорт кешенінде 4 жылда бір мәрте өтетін ерлер арасындағы спартакиадаға әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай қатысады. Жалпы спартакиадаға елдің түкпір-түкпірінен 250-ден астам былғары қолғап шебері келеді.

Жекпе-жек олимпиада жүйесі бо­йынша өтеді. Ерлер 13 салмақ: 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі бойынша жеңімпазды анықтайды.

***

12-15 қарашада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ел үздіктері анықталады. Елдің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қаласынан 500-ге жуық дзюдошы қатысады.

Қатысушылар арасында Нұрқанат Серікбаев, Данияр Шамшаев, Ислам Бозбаев, Ғалымжан Қырықбай, Бауыр­жан Нарбаев, Есет Қуанов, Ғалия Тынбаева, Кәмила Берліқаш сынды Азия чемпионатының, әлемдік гран-при және Grand Slam жарысының жеңім­паз-­жүлдегерлері бар.

Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2024-2025 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button