Басты ақпаратРуханият

Ұлттық санаға серпіліс береді



«Біз, ең алдымен, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға айрықша мән беруіміз қажет. Сонымен қатар, қоғамды алға жетелейтін құндылықтарды қалыптастыруымыз керек. Халықтың болмысын және қоғамдық сананы жаңғыртпай, түбегейлі өзгеріс жасау мүмкін емес» деген еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде.

зды жаңғыртып, мемлекеттік бірегейлігімізді нығайту үшін елтану, саяси элита өкілдерінің қайраткерлік қызметтерін жария ететін әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар түйісіндегі зерттеулердің маңызды екені анық. Әсіресе, тарих пен әдебиеттануда шынайы деректер мен әдеби мұраларды сабақтастырып, бірін-бірі толықтыратын еңбектердің түйісуі белгілі дәрежеде елімізде тарихқа деген танымдық көзқарасты қалыптастыруға негіз болады. Бұл үдеден «Ұлттық санадағы мемлекетшілдік пен бірегейлік: тарихи және әдеби зерттеулер» атты циклдық еңбектің шығатыны сөзсіз. Аталған еңбектің авторлары қатарында отандық тарихшы-ғалым, алаштану мектебінің көрнекті өкілі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев, жазушы, әдебиеттанушы ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай, белгілі тұлғатанушы ғалым, Тарихшылардың ұлттық конгресі басқарма төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Ерлан Бәтташұлы Сыдықов, көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы сынды ғалымдарымыз тұр.

Ұсынылып отырған зерттеулерде алаштанушы ғалым М.Қойгелдиевтың «Алаш қозғалысы» атты екі кітабы енгізіліпті. Автор ХХ ғасырдағы Алаш – қазақ ұлт-азаттық қозғалысының оқиғалары мен ерекшеліктері, азаттық үшін күрестің бағыттары, Алаш автономиясын құру жолындағы Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлы бастаған саяси қайраткерлердiң отарлық езгiге қарсы күресiн тың деректер негiзiнде баяндайды. Алаш – қазақ ұлт-азаттық қозғалысы ел өмірін жаңа сапаға көтеріп, сол арқылы ұлт жадында терең із қалдырған, тарихи құбылыс екендігіне назар аудартса, Алаш идеясына тереңдей бойлап, ұлттық идеяның темірқазығы екендігін айқындайтын әдебиеттанушы ғалым Дихан Қамзабекұлының «Алаштың рухани тұғыры» атты еңбегі де аталған циклдың бір парасын құрап тұр. Автор негізінен, алаш ағартушылығының нақты мақсаттарын көрсетіп, рухани тұғырнамасын зерделейді. Автордың «Алаш арқауы» атты еңбегінде де елдік, мемлекетшілдік  мәселелерге бойлап, қазіргі қоғамда жиі айтылып жүрген «Алаш қозғалысы», «Алаш партиясы», «Алаш үкіметі» деген ұғымдардың ара-жігін ажыратып, әр атау­дың мәнін ашып береді. Алаштанудың тарихи-танымдық бағыты, тілдік-әдеби зерттеулер бағыты, дүниетаным, діни ұстаным, мәдениеттану бағыты, стратегиялық зерттеулер бағыты негізінде қарастырып, алаш ақтаңдақтарының ұлттық идеясын көрсетеді.

Жас буын ұрпақтың тарихи сана-сезімі мен адамгершілік қадір-қасиетін қалыптастыруда белгілі шығармашылық тұлғаларға арналған еңбектердің де маңызы зор. Ғалым Т.Жұртбайдың аталған циклға енген «Бесігіңді аяла!..» монографиясы қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналса, «Безвременье: Трагедия восстания в Семиречье: (литературно-историческое исследование повести М.Ауезова «Лихая година») кітабында М.Әуезовтің «Қилы заман» повесі әдеби-тарихи тұрғыда талданып, Жетісудағы 1916 жылғы қайғылы оқиғалардың көрінісі хронологиялық жүйемен салыстырмалы талдаулар жасалған. Ал автордың «Дәрілқарап (Абайдың сыртқы әлемі: әдебиет-салыстырмалы талдау)» кітабы да Абай қарасөздеріне тереңдей еніп, ұлттық сананы қалыптастырудағы Абай қарасөздерінің мәніне бойлатады.

Тарихшы ғалым Е.Бәтташұлының аталған циклға енген мұрағаттық деректер негізінде жазылған «Жамбыл» атты ғылыми-танымдық еңбегінде ақын өмір сүрген дәуір, оның айналасындағы тұлғалар тарихы қарастырылса, автордың «Құнанбай әулетінің тарихы» еңбегінде Құнанбай өмір сүрген кезеңі арқылы Құнанбай мен оның ұрпақтарының өмірі мен қызметі, қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, этнографиясын айқын беруді мақсат еткені байқалады. Автордың «Ахмет Байтурсынов – Учитель Нации» атты кітабы да  ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының патшалық Ресей, Алаш қозғалысы һәм Алашорда үкіметі, Кеңес өкіметі тұсындағы ғұмыры мен қызметі жан-жақты тарихи деректермен баяндалған. Сондай-ақ Е.Сыдықовтың «Российско-казахстанские отношения на этапе становления тоталитарной суперэтнической державы» атты монографиясында мұрағаттық деректер негізінде XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Кеңестік тоталитарлық жүйе тұсындағы қазақ-орыс қатынасына байланысты өрбіген оқиғалар дәйекті деректермен берілген. Қазақстан елінің азаматтарының тарихи санасын қалыптастыруда, өткенге бойлай отырып, ұлттық бірегейлікті нығайтудағы және тарихи сананы қалыптастыруда бұл зерттеулердің де маңызы зор. Бұл еңбектер, негізінен, тарихи-өмірбаяндық зерттеулер болып табылады.

Халық өз тарихын, тұлғаларын тағы бір мәрте тануда жаңа сипаттағы деректермен дәйектелген тарихи-әдеби зерттеулерге зәру. Міне, осы тұрғыдан алғанда, аталған кітаптар тарих шыңдығын бүгінгі ұрпақ пен қоғамға жеткізген кешенді ғылыми зерттеулер болып табылады. Осындай еңбектер жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуде серпін берері сөзсіз.

Қорыта айтқанда, «Ұлттық санадағы мемлекетшілдік пен бірегейлік: тарихи және әдеби зерттеулер» атты циклмен ұсынылған еңбек Қазақстан Республикасының А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлығына лайықты деп санаймыз.

Қадыр АХМЕТОВ, 

А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button