Руханият

ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ



Астанада «Ұлы дала қырандары» қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының бес жылдығы аталып өтілді.

erm_4542

Атының өзі ұлттық рух шақырып тұратын қозғалыстың бастапқы мақсаты да елді бірлікке, ынтымаққа шақыруды көздеген. Салтанатты шарада қозғалыстың тең төрағалары, белгілі қоғам қайраткерлері Марат Нәбиев пен Сәдібек Түгел жиналған қауымға ізгі тілектерін білдіріп, қоғамдық бірлестіктің бес жыл бойы атқарылған жұмыстары туралы кеңірек сөз қозғады. Еліміздің әр аймағында «Бірлігі мықты ел озады» атты тақырыппен жиындар ұйымдастырылды. Түрлі маңызды мәдени шаралар өткізілді. Сайын даланы тұяғымен дүбірлетіп, шашасына шаң тимес жүйрік Құлагер мен даңқты Балуан шолақ бабамызға тұғыры биік ескерткіш қойылды. Шығыс Қазақстан облысындағы «Ботай» және «Берел» қорымдарынан табылған құнды жәдігерлер жайында дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Оған белгілі тарихшылар Виктор Зайберт пен Зейнолла Самашев қатысып, аталған асыл мұралар жайында парасатты ой өрбітті. 2012 жылдан бері қоғамдық ұйым «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп аталатын маңызды жобаны қолға алып, шетелде тұратын қазақ балаларын туған Отанына әкеліп, білім алуға қамқорлық жасап келеді. Ұлттық спорттық өнердің де бағын жандырып, қазақ көкпарын әлемдік деңгейге көтеруге белсенді үлес қосып жүр.

Шара барысында Марат Нәбиев пен Сәдібек Түгел қоғамдық бірлестік жұмысының жандануына қомақты үлес қосып жүрген бір топ азаматқа алғыс хат тапсырды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button