Басты ақпаратМәдениет

Umai сыйлығын алды



Umai-2023 ұлттық сыйлығын Астана қаласы әкімдігіне қарасты қос театр иеленді. Атап айтқанда, «Үздік музыкалық-драмалық спектакль» аталымында Музыкалық жас көрермен театрының «Гауһартас» музыкалық драмасы үздік деп танылды. Ал «Үздік спектакль» номинациясын М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Жаздың соңы» трагикомедиясы алды.

Биылғы ақпан айында премьерасы аншлагпен өткен «Гау­һартастың» авторы – көрнекті жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабеков. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Қойылым жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Жыл бойы көрермен толастамады. Сол себептен театр ұжымы «Гауһартасты» күніне бірнеше рет қоюға шешім қабылдады. Сонда да билет таба алмағандар болды. Спектакль премьерасы өткен күннен бастап, 8 айдың ішінде көрермен назарына 155 мәрте ұсынылды. Қойылымды 65 мыңға жуық адам тамашалады.

Ал «Жаздың соңы» трагикомедиясы америкалық драматург Трейси Леттстің «Тамыз: Осейдж графтігі» шығармасы желісімен қойылды. Қоюшы режиссері – Анна Троянова. Премьерасы таяуда ғана өткен туындыда кейіпкерді сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталья Косенко (Трегубенконың) өнері де еленді. Ол «Актерлік шеберлік (үздік әйел адам рөлі)» аталымына қатысып, финалға дейін жетті. Оған арнайы диплом тапсырылды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button