ЖаңалықтарСаясат

ҰСАҚ БҰЗАҚЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ



daypolice

Елбасы халыққа Жолдауында «… біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұ­­з­ақы­лықпен ымыраға келмеуіміз керек. Өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді» деген болатын. 

Расында да, тәртіп пен ішкі мәдениет ақсаған жерде үл­кен олқылықтарға жол бері­летіні белгілі. Міне, осындай келеңсіздіктердің алдын алып, болдырмау мақсатында Астана қаласының қоғамдық тәртіп сақшылары кешенді түрде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыруда.
Соның бірі – кеше Сарыарқа ауданы Ішкі істер басқар­ма­сының ғимаратында «Ел­ордадағы қауіпсіздік пен жай­лылық» аясында өткізілген көшпелі сот отырысы.
Судья Әйгерім Сәдуақасо­ваның төрағалығымен өткен сот отырысында Қазақстан Рес­публикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша ұсақ құқық бұзу­шылық жасаған 12 адамның ісі қаралды. Осы жауап­кер­ші­лікке тартылып тұрған жап-жас жігіттердің барлығы да қоғамдық орындарды ластап, бейәдеп сөздер айтқан немесе біреудің орынсыз жеке басына тиісіп, балағаттағандар. Рас, қателіктерін мойындап отыр.
Ал неге ондай тәртіп бұзушы­лыққа барғандығын сұрағанда, «солай болып қалды» деп иығын көтергеннен басқа еш­теңе айта алмады.
Сонымен, Астана қаласы прокуратурасынан прокурор Қанат Әбдихановтың қатысуымен өткен көшпелі сот отырысында он бір адамға он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, бір адам бір тәулікке қамауға алынды.
Сот отырысына ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдар шақырылып, отырыс соңында судья Ә.Сәдуақасова олармен «Ұсақ бұзақылыққа мүлде төзбеушілік» тақыры­бында әңгіме өткізді.
Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметкерлері жыл басынан бері 434-бап бойынша құқық бұзған 1248 адамға әкімшілік хаттама толтырып, олардың 66-сы жеті тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынған. Ал 1182-сіне айыппұл салынған.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ




Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button