Қала мен Сала

Ведомствоаралық жұмыс тобы Астананың тергеу изоляторына барды



Ведомствоаралық жұмыс тобы Астананың тергеу изоляторына барды. Сондай-ақ топ мүшелері Алматы ауданының ІІБ мен сотында да болды.

Сапар Бас прокуратураның «Электрондық қылмыстық іс» ақпараттық жүйесін дамыту шеңберінде жүзеге асырылды. Сондай-ақ топ мүшелері Алматы ауданының ІІБ мен сотына барды. Топ құрамына Астана қалалық сотының судьясы Ш. Ерғалиева, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Астана қаласы бойынша басқарма бастығының орынбасары М. Шекимов, Алматы ауданы прокурорының орынбасары Н. Тұрысбеков кірді.

Сапар тергеудің барлық кезеңдерінде практикалық көмек көрсету және істерді сотқа электрондық форматта жіберу үшін жүзеге асырылды. Іс-шараға қалалық Полиция департаментінің тергеу бөлімшесінің басшылары да қатысты. Кездесу барысында оларды практикалық қолдану үшін орталық ведомстволарға жіберілетін нақты ұсыныстар әзірленді.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button