Елорда тынысы

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды



Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың 25 жылдығы аясында өтетін бауырлас қалалар мэрлері форумына келген Рабат қаласы мен Нусантара ұлттық астаналық басқармасының басшысымен кездесу өткізді.

«Кездесу барысында мәдениет, экономика, сауда, туризм және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, тәжірибелерімізбен бөлістік.

Астанада өтетін форумға 17 қаланың (10-нан астам мемлекет) мэрлері мен вице-мэрлері қатысады деп күтіліп отыр.  Рабат қаласының (Марокко Корольдігі) мэрі Асмаа Рхлалумен астаналар арасында бауырластық қатынас орнату туралы меморандумға қол қойдық. Сонымен қатар Нусантара Ұлттық астаналық басқармасының (Индонезия Республикасы) басшысы Бамбанг Сусантономен бірлесе біздің қаламыз бен Нусантара Астаналық басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Кездесу барысында мәдениет, экономика, сауда, туризм және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, тәжірибелерімізбен бөлістік,-деп жазды қала әкімі өзінің әлеуметтік парақшасында.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button