Құқық

Заманауи көлік мінген сақшылар



Елордалық  полицейлер  көліктің  жаңа  түріне  көшуде. Электромобиль  деп аталатын жеңіл қозғалысты заманауи көлік пен скутер мінген жол-патруль полиция қызметкерлерін астана саябақтарынан, қоғамдық орындардан  көруге болады.  

erm_6187

Қалтарысы көп орындар­ды жеңіл автокөлікпен қа­дағалау қиын. Астана қаласының Ішкі істер депар­та­менті гүлзар, саябақ секіл­ді орындарда тәртіпті бақы­лау үшін әрі қылмыстың алдын алу мақсатында заманауи электромобиль мен скутер көлігін қолданысқа енгізуде.

55

«Мұндай көліктердің қыз­мет ету тиімділігі жоғары. Бақылау бар жерде тәртіп сақталады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін аумақта да осындай заманауи көліктер тәртіпті сақтайды. Мұның көмегімен тек саябақтың ішін ғана емес, қоғамдық орындарды да қадағалауға болады» дейді Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің сержанты Ерлан Жұмабекұлы.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button