ЖаңалықтарҚоғам

Жаңа 2017 жыл құтты болсын!



Мемлекет басшысы елордадағы жаңа жылдық қайы­рым­дылық кешіне қатысты, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

15d10f1df65d36cc05d989ebb4f301a8

Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға арнаған сөзінде еліміздің бүгінгі же­тістіктері бүкіл қазақстандықтардың ортақ еңбегі мен бірлігінің жемісі екенін айтты.
Қазақстан Президенті келер жылы болатын ұлттық және халықаралық ауқымдағы ірі оқиғаларды атап өтті. Олардың қатарында дүниежүзілік Универсиада, ЭКСПО халықаралық көрмесі, Ислам ынтымақтастығы ұйы­мының саммиті бар.
Сондай-ақ, Елбасы мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шаралары халқымыздың игі дәстүрі екеніне тоқталды.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жи­налғандарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, баршаның отбасына бақ-береке, денсаулық, жаңа табыс тіледі.
Қайырымдылық кешінен түсетін барлық қаражат «Мейірім» ерікті қоғамы» қо­рына аударылатын болады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button