Елорда тынысы

Жаңа ауданның болашағы жарқын



Республика күні қарсаңында Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жас көрерменнің музыкалық театрында мерекелік шара өтті.

Мерекелік іс-шараға Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев, ардагерлер қауымдастығы мен түрлі сала қызметкерлері қатысты.

Елдік қасиетіміз бен құндылық­тарымызды ұлықтаған ұлттық мереке қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара барысында еңселі елордамыздың дамуына үлес қосқан қала тұрғындарын жылы лебізін білдіріп, Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов құттықтады.

– Егемендік алуымызбен Астана қаласы елордамыз атанды. Еңселі елордамыздың көркеюінің негізгі себепшісі – мына сіздер, қала тұрғындары. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қаламыз үлкен мегаполиске айналды. Құрылғанына төрт жыл болған Байқоңыр ауданының келбеті сіздермен бірге қалыптасты. Сондықтан барша қала тұрғындарын мерекемен құттықтай отыра, жұмысыңызға толағай табыс тілеймін, – деді Е.Каналимов.

Салтанатты іс-шарада Байқоңыр ауданының дамуына үлес қосқан, әр салада еңбек еткен үздік қызметкерлер қала әкімі Алтай Көлгінов пен аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтың атынан арнайы алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды. Солардың бірі – Байқоңыр ауданы «Өндіріс» кентінің белсенді тұрғыны Дәнекер Касимова.

– Байқоңыр ауданының «Өндіріс» кентінде бір жарым жылға жуық уақыт жұмыс істеймін. Ауданның тазалығына, тыныштығына, қауіп­сіздігіне жауап беремін. Республика күні қарсаңында аудан әкімі үздік әрі белсенді тұрғындарды мерекемен құттықтап, марапаттап жатыр. Мен өте қуаныштымын. Егеменді еліміздің дамуына өзімнің үлесімді қосқаныма ризамын. Мереке құтты болсын! Еліміз аман болсын! – деді қала тұрғыны.

Мерекелік кешті Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрі күмбірлеген күймен жалғастырып, өзге де өнерпаздар көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады


Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button