Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖАҢА ДЕҢГЕЙДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ



Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты.

Елбасы Қытайға сапар барысында алдымен Қытай Халық Республика­ сының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына «Бір белдеу, бір жол» форумына шақырғаны үшін алғы­ сын білдіріп, іс-шараның жақсы ұй­ ымдастырылғанын атап өтті.

– Форум бүкіл дүние жүзі бойын­ ша биылғы ең басты оқиғаның бірі­ не айналды деп ойлаймын. Форум­ның ашылуында сөйлеген сөзіңіз мазмұнды болды, ол елдер арасын­ дағы ынтымақтастықтың көп сау­ алына жауап берді. «Бір белдеу, бір жол» – жаңа парадигма, жаңа дең­ гейдегі ынтымақтастық жүйесі, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» идеясының өңірлік деңгей­ дегі ынтымақтастықтың ғана емес, сонымен бірге түрлі құрлық елдері арасындағы өзара іс-қимылдың көрінісі екенін айтты.

– Бұл белдеу жер шары тұрғын­ дарының 45%-ын құрайтын 60-тан астам елді қамтып отыр. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты және көп­ жақты ынтымақтастық үлгі алар­ лықтай болды. Басқа елдер бізден үйрене алады, – деді Мемлекет бас­ шысы. Қазақстан Президенті екі мемле­ кет арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, оның бұдан да жоғары деңгейде нығая түсетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, тараптар өңірлік қауіпсіздік пен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін, сон­ дай-ақ күн тәртібіндегі өзекті ха­ лықаралық мәселелерді талқылады. Си Цзиньпин Қазақстанның Си­рия қақтығысын реттеу процесі­ не қосқан үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы «Нұрлы жол» бағдар­ ламасының табыстылығын, сон­ дай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің ха­ лықаралық бастамасының маңыз­ дылығын атап өтті. Қытай көшбасшысы өзінің Қа­ зақстанға ресми сапармен келіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымы­ ның саммитіне және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына қатысуға дайын екенін айтты.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшы­ лары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тауар ай­ налымын ұлғайту және өнеркәсіп, инновация, көлік, энергетика сала­ ларындағы ынтымақтастық тақы­ рыптарына ерекше көңіл аударыл­ ды. Форум аясында өткен «Тығыз ынтымақтастыққа арналған саяси бірлескен қызмет» атты «дөңгелек үстел» жиынына қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қытай Халық Республи­ касының Төрағасы Си Цзиньпин­ нің Еуразияда ежелгі Жібек жолын жаңа, заманауи форматта қайта жандандыру идеясы әлемде белең алып келе жатқан саяси, экономи­ калық және гуманитарлық дағда­ рыстарға берілген уақытылы жауап екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия әлемнің ең ірі нарықтары ара­ сындағы басты дәнекерге айналып, қайтадан стратегиялық маңызға ие болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Пре­зиденті Еуразиялық экономикалық одақтың осы процестегі маңызды рөліне тоқталды. – «Үлкен Еуразияның» біртұтас экономикалық кеңістігін құру идея­ сы жаңа мәнге ие болуда. Жібек жолының экономикалық белдеуі Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропалық одақ платформа­ ларын өркендеудің біртұтас өңірлік аумағына ұтымды түрде тоғыстыра алады, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру жөнінде бірқатар нақты ұсыныс­ тарын білдірді.

– Жібек жолы экономикалық бел­ деуінің транзиттік әлеуетін тиімді игеру үшін қызмет көрсету деңгейін жақсартып, әкімшілік кедергілерді жою арқылы тауар ағынын өткізу­ ді бірте-бірте жеңілдету қажет. Қа­ зақстан бұл мәселе бойынша нақты шаралар қабылдауда. Ол сараптама мен тиісті қаржыландыруды талап етеді. Азия инфрақұрылымдық ин­ вестициялар банкі осындай бағдар­ ламаларды белсенді түрде қаржы­ ландыру керек деп есептеймін. Бұл – болашаққа арналған инвестиция, – деді Қазақстан Президенті. Бұдан бөлек, Мемлекет басшы­ сы жаңа Жібек жолы бойында орналасқан елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­ сатымен ауыл шаруашылығы коо­ перациясын дамытудың маңыз­ дылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық және ғылыми-тех­ никалық даму саласындағы ынты­ мақтастықты тереңдетуді ұсынды. Форум барысында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекеттердің көшбасшыларымен де кездесулер өткізді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button