Қоғам

ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ БЕРЕРІ МОЛ



Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасында 2017 жылдың 9 айындағы елордадағы құқық тәртібі, сондай-ақ, Астана қаласында жүзеге асырылып жатқан ҚР Бас прокуратурасының ілкі
жобасы туралы ақпарат беруіне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Елордада өткен тоғыз айдағы қылмыс саны былтырғы жыл­дың осы кезе­ңіндегі көрсеткішпен са­лыс­­тырғанда 20,5 па­йыз­ға азайған. Атап айт­қанда, кісі өлтіру – 38 пайыз, тонау – 23 пайыз, қарақшылық ша­буыл – 21 пайыз, ұсақ бұзақылық 11 пайызға кеміген кө­рінеді.
Бұны мамандар бас ша­һардағы «ЭКСПО-2017» халықаралық маманданды­рылған көрмесінің өткізі­луі­мен, ондағы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерімен байланыстырып отыр.
Алайда осы тоғыз айда пәтер ұрлығы – 5,5 пайызға, қалта телефондарын қолды қылу 77,3 пайызға өскен. Мұның басты себебі де салғырт­тық пен немқұрайды­лықта жатыр.
Ал жол-көлік оқиғасына келетін болсақ, өткен жылға қарағанда зардап шегушілер аз болғанымен, (539-дан 448-ге азайған) көз жұмғандар саны (29-дан 49-ға дейін) артқан. Сондай-ақ, сол мерт болған 49 адамның 29-ы – көшені белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргінші.
Баспасөз мәслихатында Қазақстан Рес­публикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статис­тика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша басқарма бас­тығы Руслан Әлкенов Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты мен Ішкі істер министрлігі
және Астана қаласының әкімдігі бірлесіп, мемлекеттік органдардың қызметін сандық жүйеге көшірудің бір­қатар ілкі жобаларын жүзеге асыруға кіріскенін айтты.
Мәселен, үстіміздегі жылдың 25 тамызынан бастап
Алматы ауданында «Электронды қылмыстық іс» жобасы қолға алынды.
Ал Сарыарқа ауданында ең қылмыс көп жасалатын аулалар анық­талды. Алдағы уақытта мұн­да 262 бейне­ка­мера орнату жоспар­лануда. Өйткені бұл аулаларда ұрлық пен қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері, сондай-ақ, тұрғындардың арыз-шағымдары көбірек тіркелетіні байқалды.
Теміржол вокзалы ма­ңындағы көшелерде, Ш.Айманов, 16, Дүкенұлы, 38, Бөгенбай батыр, 59, Сарыарқа даңғылы, 43 үйдің аулалары айырықша ба­қылауға алынған. Әрі осы жерде орнатылған бейнекамералар қала әкімдігінің жағдайды бақылау орталығымен тікелей қосылғандық­тан, дабыл қағылған кезде шұғыл әрекет ету тобы бірден көмекке келетін болады.
Сондай-ақ, мұндай аула тұрғындары жекеменшік күзет мекемесімен келісімшартқа отыру жөнінде жергілікті полиция қызметкерлері, пәтер иелері кооперативтерімен бірігіп, түсінік жұмыстарын жүргізілуде.
Әрине, қызмет көрсету ақы­лы болады. Дегенмен, қала әкімдігінің көмегімен камераларды тегін орнату көзделуде. Сонда тұрғындар тек күзет
мекемесінің қызметіне ғана ақы төлейтін болады.
Жасыратыны жоқ, айына 400 теңге төленетін қазіргі аулаларда қойылған бейнебақылау камераларының сапасы тым төмен. Әрі жасалған қылмыс жағдайды анық­тау орталығына түс­пейтіндіктен, қылмыстың бейнежазбасын көру үшін пәтер иелері кооперативіне барып, шағым түсіруіңіз керек. Ал жаңа жоба бойынша жасалған қылмысты күзет фирмасының қызметкері өзі көріп, шұғыл әрекет ету тобына тез хабар береді. Сөйтіп, көп жағдайда қылмыстың алды алынады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құ­қық­тық статистика және ар­найы есепке алу комитеті журналистерге таныстырылған бұл жаңа жобалардың барлығы да қала тұрғындары тарапынан қолдау табатынына сенімді.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ




Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button