ӘлеуметПрезидент пәрмені

Жаңалыққа ұмтылу – жақсылықтың белгiсi



Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында тiлдердi дамытуда ерекше бетбұрыс қажет екенi айтылды. Осы мақсатқа жету үшiн Астанадағы №18 «Аяжан» балабақшасының мектепалды қазақ-орыс топтарының тәрбиешiлерi Тiл комитетiнiң қолдауымен қазақ тiлiнде жарыққа шығарылған дыбыстық кiтапшаларды, күйтабаққа жазылған қазақ ертегiлерi мен қазақ әуендердi көптеп пайдаланады.
Жолдаудың жетiншi бағытында қазақ тiлiн жоғары деңгейге көте­рiп, 2020 жылы мемлекеттiк тiлдi меңгергендердiң қатарын 95 пайыз­­ға жеткiзу жөнiнде айтылған. Демек, балабақшаға қабылданған балалар мектеп табалдырығын аттағанда қазақ тiлiнде сөйлей бiлуi тиiс. Олай болса, ана тiлiн меңгертуде бiздiң мекемемiздiң алдына да зор мақсаттар мен мiн­деттер қойылуда.
Бұл бағытта балабақшамызда бiлiм-тәрбие мәселелерiн терең бiлетiн бiлiктi басшы, өзiнiң шебер ұйымдастырушылық қасиетте­рi­мен көпшiлiкке танымал болған мекеме меңгерушiсi Анна Жанах­метованың жетекшiлiгiмен көпте­ген игi шаралар мен түрлi ертең­гiлiктер жиi ұйымдастырылып тұра­ды. Ал, олардың жоғары дәрежеде өтуiне тәрбиешi Салтанат Мәкен­қызы Иманжанова, хореограф Жа­зира Манатпайқызы Бексұлта­нова, ән-күй жетекшiсi Людмила Анато­льев­на Морозова және т.б. тәрбие­шiлер өз үлестерiн қосып келедi.
Бүгiнгi таңда балабақшамызда 7 топ бар. Онда 2 жастан 6 жасқа дейiнгi 200-ге жуық бала тәрбие­ленуде. Сонымен бiрге мұнда 20 педагог, 15 техникалық қызметкер жұмыс iстейдi. Тәрбиешiлердiң бар­лығы дерлiк жоғары бiлiмдi, жоғарғы және бiрiншi, екiншi санатты тәжiрибелi мамандар. Олар iздену, жаңалыққа ұмтылу – бүгiнгi күннiң талабы екенiн, жалпы, жаңалық өзiмiзден, өзiмiздiң iс-тәжiрибемiздi молайтудан бастала­тынын жақсы түсiнедi.
Жалпы, тағылымды тәрбиенiң тәлiмiн бала бойына қалыптастыру, жас ұрпақты отансүйгiштiкке, өз ұлтын құрметтеуге тәрбиелеу отба­сынан және балабақшадан баста­латынын ескерсек, бұл бағытта балалардың бойына адам­гершiлiк, инабаттылық және iзеттiлiк қасиет­терiн қалыптастыруды басты мақ­сат еткен бiздiң педагогтар жаңа әдiстер мен тәсiлдердi қолдана отырып, жұмыс барысын­да инно­ва­циялық технологияларды терең меңгеруде.

Салтанат КЕРIМБЕКОВА,
№18 «Аяжан» балабақшасының әдiскерi




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button