Басты ақпаратМәдениет

Жас қаламгерге – 500 мың теңге



Астананың 25 жылдығына орай «Жастар» ­театр­ы­н­­да «Үздік жас қаламгер» әдеби шарасы өтті. Бұл соның алдында ұйымдастырылған «Астана – шабыт арқауы» шарасының жалғасы болды. Осының алдында бас қалада тұратын аға буын 80 қаламгерге қала әкімдігінің қолдауымен 500 мың теңгеден тапсырылды. Ал бұл жолы 25 жас ақын-жазушыға осыншама сомада сыйақы берілді. 

Аталмыш шараға Жазушылар одағының хатшысы, осы ұйымның Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы мұрындық болды, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдау көрсетті.

«Астанада тұратын 25 жастың қанатына дем беріп, талабын шыңдадық. Қала әкіміне, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаровқа қаламгерлер атынан алғыс айтамын. Астана тарихында жас қаламгерлерге жасалған тұңғыш қамқорлық жылда жалғасын тапса деймін. Еліміздің байрақты байтағы жасай берсін!» дейді Дәулеткерей Кәпұлы.

Сертификатты жастарға Дәулеткерей Кәпұлының өзі, жазушы-драматург, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның бас директоры, Астана қаласы мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов  тапсырды.

Бір айта кетерлігі, екі жыл бұрын Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының ұйытқы болуымен 50 жасқа дейінгі астаналық 30 қаламгердің кітабы жарық көрді. Бұл да қала әкімдігі қолдауының арқасында іске асты.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button