Елорда тынысы

«Жас құтқарушы» орталығы ашылады



Қалалық мәслихат депутаттары ағымдағы жылы ашылатын «Жас құтқарушы» балалар білім беру орталығына барды.

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлының айтуынша, орталықты ашудағы басты мақсат – өскелең ұрпақты жеке және ұжымдық қауіпсіздік негіздеріне оқыту. Оқу бағдарламасы мектеп оқушыларына бағытталатын болады.

– Орталыққа қабылдау барысында 5-7 сынып оқушыларына басымдық беріледі, өйткені бұл жастағы балалар ақпаратты саналы түрде қабылдайды. Топтық сабақтар 1,5-2 сағатқа есептелген. Осы уақыт ішінде балаларға төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесі, сондай-ақ олардың қайсысы Астанаға тән екендігі туралы айтылады. Оларға үйде және мектепте күнделікті не нәрсеге назар аудару керектігін және төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін көрсетеді, – деді Еркін Отарғалымұлы.

Орталықта ТЖД қызметкерлері нақты өмірде қолданатын құтқару жабдықтары мен құралдарының үлгілері қойылған. Сонымен қатар, ақпараттық залдарда өрт шыққан жерлерден заттар жинақталған. Орталықтың жоспарында балаларды эвакуациялау бойынша практикалық жаттығулар өткізу үшін бөлмені өрт автоматикасының оқу жүйесімен жабдықтау көзделген.

Еркін Отарғалымұлының айтуынша, жаңа білім беру орталығы толық жиынтық үшін заманауи технологияларды қажет етеді.

– Орталық тек оқушылар үшін ғана емес, қаланың басқа тұрғындары мен қонақтары үшін де ашық. Мұндағы мамандар барлық тілек білдірушіге экскурсия жүргізеді. «Жас құтқарушы» балалар орталығы қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін дамыту мәселелерінде тартымды орталыққа айналатынына сеніміміз мол, – деді Еркін Отарғалымұлы.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button