Руханият

Жасөспірімдерге арналған телехикая



Астанада жақында түсірілімі аяқталған «15-шки» сериалының бірінші сериясының көрсетілімі өтті. Телехикаяны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Q-arts production» продюсерлік орталығы түсірген.

Фильм режиссері Анна Станкевичтің айтуынша, бұл әлеуметтік жоба жасөспірімдерге өтпелі кезеңдегі қиындықтарды жеңуге көмектесуге бағытталған. Ол бұл сериал ата-аналар үшін де қызықты және пайдалы болатынын айтты.

Сериалдың оқиғасы негізінен, №15 элиталық мектепте өтеді. Бұл білім ошағында Қазақстанға жұмыс бабымен қоныс аударған шетелдіктермен   елдегі жоғары лауазым иелерінің балалары оқиды.

Негізгі оқиғалар әрқайсысы кәсіби түрде вокалмен айналысатын төрт дос қыздың айналасында өрбиді. Қыздар музыкалық топ құру идеясын ойлап, оны «15 жас» деп атайды.

Дегенмен, олар оқитын әйгілі №15 мектепте барлық оқу орындарындағы сияқты дарынды, тәрбиелі балалар ғана емес, бұзықтығымен көзге түскен тіпті қатыгез балалар да білім алуда. Көшбасшылыққа мектептің «жұлдыздары» арасындағы бәсекелестік өте жоғары. Осыған орай, сатқындық, қызғаныш пен көз жасы сериал бойы басты кейіпкерлерді жетелеп отырады.

Дана АМАНГЕЛДІ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button