Қала мен СалаҚала тіршілігі

ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖҰМЫСҚА ТҰРА АЛАДЫ



Бала – болашағымыз. Ұрпақ тәрбиесімен қазір айналыспасақ, ертең кеш болады. Қазір жасөспірімдердің арасында қылмысты азайту өзекті мәселеге айналып отыр. Жаз мезгілінде кәмелетке толмаған балалар көшеде бос жүрмей, демалыс­ты пайдалы өткізу үшін оларды жұмысқа орналастыру да маңызды істердің бірі.

Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында осы мәселелерге арналған отырыс өтті. Оған қала прокуратурасы, жергілікті полиция қызметі және жұмыс беруші мекемелердің өкілдері қатысты.

Олар жасөспірімдерді жұмысқа орналастыру үшін жұмылып қимылдау керек деген шешімге келді. Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының әлеуметтік мәселелер жөнінде кеңесшісі Арнұр Ысқақов өз өмірінен мысалдар келтіріп, адамның қолынан келмейтін іс жоқтығын, кез келген адам таңдаған мамандықты меңгеріп, жұмысқа тұра алатынын айтты.

Отырысқа жаз мезгілінде жұмыс істеуге ниет танытқан 16-18 жас аралығындағы 10 жасөспірім қатысып, «Скиф Трейд», «Magnum cash&carry», «Крепеж Маркет» сынды кәсіпорындар сатушы, ораушы, кассир, сауда өкілі, т.б. осы сияқты жұмыстарды ұсынды.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button