Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖЕТІСТІГІ – «ЖАСЫЛ ОРАМДА»



«ЭКСПО-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІНЕ ТАҒЫ БІР ТАРТУ: «ЖАСЫЛ ОРАМ» КЕШЕНІНІҢ ЕСІГІ АЙҚАРА АШЫЛДЫ.

1

Кешенде қала тұрғындары мен қонақтары энергия үнемдейтін инновациялық технологияларды өз көзімен көріп, мүмкіндіктерімен жақынырақ таныса алады. Кешен – LEED халықаралық сертификатынан өткен ТМД елдерінің арасындағы алғашқысы. Экологиялық құрылыс талаптарына сай тұрғызылған «Жасыл орам» энергияны тиімді пайдалану мақсатында салынған. Соның арқасында кешен коммуналдық қызмет төлемдерін 22 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.

dopolnitel-nye-zakat-2
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма басшысы Арман Жетпісбай кешен туралы кеңінен әңгімелеп берді:
– Кешеннен баспаналы болуды армандайтындарға айтарым, тұрғын үйдің бір шаршы метрі – 400-420 мың теңге шамасында. Бір бөлмелі пәтер 43 шаршы метрден басталады. Бүгінде бұл кешенде 200-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлады. Біз «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бағасы тиімді тұрғын үй кешендерінің құрылысын бастап кеттік. Әзірге басқа тұрғын үйлерде тың технологияларды пайдалануды жоспарға енгізіп отырмыз.

????????????????????????????????????

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры», «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компания­сы және «BI Group» құрылыс компаниясы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, кешен ЭКСПО нысандарының бірі ретінде танылды. Сондықтан ЭКСПО қонақтары кешенге электр автобустармен тегін тасымалданатын болады. Отандық көлік батареямен қуатталады. ЭКСПО қалашығы мен кешенді үш айналып өткеннен кейін автобусты 8 минутқа қуаттау қажет. Жалпы алғанда, батарея 8 жылға жарамды.

dopolnitel-nye-zakat-6
«Жасыл орам» жобасының жетекшісі Ерболат Мұқашевтың айтуынша, автобус Астананың 40 градус аязына да шыдас береді. «Ақылды» автобус бағдаршамның қызыл түсі жанғанда тоқтап, жылдамдықты асырмайды. Электр автобустың құны 200-250 мың долларға дейін барады. Бір артықшылығы, май ауыстырып, отынға ақша кетірмейсіз. Көрмені өткізу кезінде астаналықтар мен қала қонақтарын осындай екі автобус тасымалдауға дайын.
Электр автобустар 1 жыл тегін қолдануға беріліп отыр. Экология­лық таза автобустарды шығаратын зауыттың бақылаушы кеңесінің төрағасы Ерлан Стамбеков «Егер әкімдік келісім берсе, бұл ерекше көлік түрін көбейтуді қолға аламыз» деп отыр.
Айта кетейік, бұл тұрғын үй Елбасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған болатын.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button