Елорда тынысы

Жаяу жүргіншіге жайлылық



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте жаяу адамға арналған көшені көбейту керегін ескерткен еді. Президент тапсырмаларын жүйелі орындау қолға алынды. Оған Астанада кезекті жаяу жүргіншілер променадының ашылуы дәлел.

Соңғы жылдары елордалықтардың қолайлы демалысы үшін жаңа әрі тартымды орындар ашылуда. Бас қалада жанданған көшенің бірі – Қ.Сәтбаев көшесі. Мұнда Қ.Мұңайтпасов көшесінен А.Петров көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмысы жүргізілді. Жаяу жүргіншілер жолының жалпы ұзындығы – 3,5 шақырым.

– Қ.Мұңайтпасов көшесінен А.Петров көшесіне дейінгі жұмыс аяқталды. Көлеңкелі шатырлар, ойын алаңдары орнатылып, ағаштар мен жасыл желектер отырғызылды. Бұл – қаладағы көгалдандырылған көшелердің бірі. Мұнда ірі жөке ағаштары, көпжылдық бұталар және т. б. отырғызылды, – деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Ал А.Петров көшесінен Б.Момышұлы даңғылына де­йінгі учаске қыркүйек айына дейін аяқталады.

– Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Ақбұлақ жағалауы жайлы орынның бірі болады, ал «Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелі құрылды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерін өзара байланыс­тырады.

Орталық жағалаудың ­тарихи көшелері (Желтоқсан, ­Бейбітшілік, Бұқарбай батыр көшелері) және т. б. жаңарып жатыр. Биыл барлығы 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз, – деді елорда басшысы.

Бас қаланы жасыл әрі жайлы қала ететін жұмыстар жалғаса береді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button