Қоғам

Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет



Жемқорлық – біздің қоғамның жегі құрты. Әрі ел болашағына төніп тұрған қауіп-қатер. Сондықтан мұндай қылмысқа қарсы бітіспес майдан ашу, күресу – баршаға ортақ міндет. Сондай-ақ әр мемлекет сыбайлас жемқорлықпен өзінше күресетіні сөзсіз. Барлық елдер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бірыңғай оңтайлы тетігі жоқ.

Дегенмен, әр ел қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерінің ерекшелігі тек саяси және экономикалық, тұрақтылыққа ғана емес, халықтың салт-дәстүріне, діни ерекшеліктеріне және құқықтық мәдение­тінің деңгейіне де байланысты. Сыбайлас жемқорлық – әдетте лауазымды адамның өзіне сеніп тапсырылған өкілеттіктері мен құқықтарын, сондай-ақ осы лауазымдық мәртебеге байланыс­тарды заңға және адамгершілік қағидаларына қайшы келетін жеке басының қажеттігіне пайдалануын білдіретін термин. Пара алған адамның заң бұзуының себептері көбіне: ашкөздік, моральдық қағидалары жоқтығы, қоғамды сыйламаушылық, жалақының аздығы, әлеуметтік қысым. Ал пара беретін адам тарапынан оның себептері: заңды білмеу және шенеулік тарапынан қысым көрсету, моральдық ұстанымдардың жоқтығы. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының барлық себептерімен күресуге болады және күресу керек. Өскелең ұрпақ өмірдегі барлық нәрсеге жемқорлықпен емес, өз күшімен жету керектігін білу керек. Біздің барлық мәселелермен, соның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресетін тәжірибеміз жеткілікті. Сыбайлас жемқорлықпен күресуге заңды мүдделілігіміз де толық. Қазіргі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін тек құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау дұрыс емес. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің алдын алуды ұйымдастырудың маңыздылығы біздер үшін яғни, мемлекеттік қызметкер үшін өте маңызды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу, оның алдын алу, оған қарсы сананы қалыптастыру – жалпы қоғамның негізгі міндеті, азаматтық парызы.

Назгүл ШУАЛҚАНОВА,

 Астана қаласы

Есіл аудандық

сотының судьясы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button