Елорда тынысы

Жеңіс күніне жəрдемақы алады



Елорданың Қоғамдық кеңесі отырысында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау, 2023-2025 жылға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспарын бекіту және Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетудің жайы талқыланды.

– Жеңіс күнінде ардагерлерге қосымша көмек беру жоспарланды. Яғни 12 ардагерге 67 АЕК (231150 теңге) көлемінде жәрдемақы беріледі. Қосымша әлеуметтік көмектің жоспарланған көлемі – 800000 теңге. Төлемнің жалпы сомасы 1031150 теңгені құрайды, – деді Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб.

Сондай-ақ, Жеңіс күніне арналған ереже аясында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне 11 АЕК (37950 теңге) көлемінде төленеді, жоспарланған қосымша әлеу­меттік көмек 30000 теңгені құрайды. Жоспарланған төлемнің жалпы сомасы – 67950 теңге. Баяндамашы атап өткендей, Астанада Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгердің бір жесірі тұрады.

– Бұл жоба мақұлданса, әлеуметтік көмек көрсетуге жергілікті бюджеттен 9630000 теңге бөлу қажет. 2022 жылы 18 Ұлы Отан соғысының ардагеріне жалпы сомасы 14,4 миллион теңгеге қосымша әлеуметтік көмек көрсетілді, – деп атады басқарма басшысы.

Екінші мәселе – «Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2021 жылғы 24 қарашадағы №104/15-VII шешімінің жобасына атын өзгертуге байланысты өзгерістер енгізу туралы болды. Яғни Нұр-Сұлтаннан Астанаға.

– Тұрғын үй иелеріне тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді төлеу (лимит шегінде) отбасының айлық жиынтық табысының 5 пайызынан асатын жағдайда тағайындалады. Ағымдағы жылдың басынан бері 412 аз қамтылған отбасы 6,3 миллион теңгеге қамтылды. 2022 жылы 531 аз қамтылған отбасы қолдаумен қамтылып, төлем сомасы 18,9 миллион теңгені құрады, – деді спикер.

Жобалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және құқықтық актілерге қойылатын талаптарға сәйкес келеді, сондықтан оларды Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан қолдады.

Нәйла ӘБДУХАЛЫҚОВА




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button