Мәдениет

ЖЕТІНШІ МҮШӘЙРА ЖАМПОЗДАРЫ



Кеше «Жастар» театрында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» халық­аралық мамандандырылған көрмесі мен Астана күніне арналған «Қазақстаным-Ғажапстаным» атты мүшәйраның жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. еліміздің әр аймағынан келген 50-ге тарта ақыннан 12 жыр жампозы анықталды.

Аталмыш мүшәйраны Сәкен Сейфуллин мұражайы биыл жетінші мәрте ұйымдастырды. Қазылар алқасына белгілі жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара Сал­ғараұлы төрағалық етті. Сондай-ақ, қатысушылардың өлеңдері Несіпбек Айтұлы, Оңайгүл Тұржан сынды ақындардың
сараптауынан өтті. Қорытындысында бас жүлдені танымал ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбай «Рух жыры» топтамасы үшін иеленді.

Бірінші орын Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының тумасы Ықтияр Мырзақұловқа бұйырды. Қызылордалық белгілі ақын Толыбай Абылаевқа «Жер­ұйық» толғауы, астаналық жас ақын Арман Шеризатқа «Астана» өлеңі үшін екінші орын берілді.

Алматылық Ғалым Қалибекұлы «Қазақстан – мәңгілік махаббатым» топтамасымен, астаналық Олжас Қасым «Ебіней көрген ЭКСПО», аягөздік Ақаш Көксегенов «Менің алтын тірегім» толғау­ларымен үшінші орыннан көрінді.

Ал Достық Тілеубергенов (Қызылорда облысы) «Көк туды сүйем», астаналық ақындар – Ұларбек Дәлей «Есіл бойын жағалата үй тіктім», Балтабек Нұрғали «Ел бақыты – Елбасы», Қуат Рахатұлы «Арман қала – Астана», Мұқият Қойшыбай «Гүл көмкерген Сарыарқа» өлеңдері үшін ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button