Мәдениет

Жүгірген жетер мұратқа

Әлемнің 20-дан астам елінен 6000 спортшы қатысқан Astana Half Marathon EXPO 2017 көрмесінің алаңында басталып, қатысушылар ­қаланың орталық көшелерімен, «Бәйтерек» монументінің, «Хан ­Шатыр» сауда орталығының, Тәуелсіздік сарайы мен Ботаникалық бақтың ­жанынан жүгіріп өтті.

«Бірінші болу батылдығы» корпоративтік қорының ұйым­дастыруымен өткен бұл марафонның мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінде жүгіруге деген сүйіспеншілікті ояту, спорт пен белсенді өмір салтын насихаттау, жүгіруді барлық жастағы және физикалық мүмкіндігі бар адамдар үшін қолжетімді әрі тартымды ету.

Аталған қор кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есеновтің айтуынша, 2022 жылдан бастап қор іс-шараларының географиясы кеңейіп, Алматы ғана емес, Астана, Түркістанды қамтыған.

Марафон қатысушылары 21,1 км (жартылай марафон), 10 км (скандинавиялық жаяу жүру) және экидэн командалық эстафетасы сияқты 4 қашықтықты басып өтті. Соңында барлық жеңімпаз бен жүлдегер серіктес­тер мен демеушілердің бағалы және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Жарысқа қатысып, қуанышын жасыра алмаған спортшылар марафонның өз өмірі үшін маңыз­ды екенін айтады.

– Бұл – менің үшінші жартылай марафоным. Клубқа алғаш рет өзіммен рухани сәйкестіктегі достар табу үшін келген болатынмын. Қазіргі таңда бұл мақсатым толығымен орындалды. Сонымен қатар жүгіру өмірімді өзгерткенін айтқым келеді. Осы жарысқа дейін екі жыл бойы клубта аптасына үш рет жаттығу жасадым. Онда мен күнде жүгіру үшін 30-40 минутымды бөлетінмін. Адам спортпен айналысу үшін ереже мен тәртіп болу керек. Тәртіп бос уақытыңды ұтымды пайдалануға және салауатты өмір сүруге үйретеді, – дейді жарысқа қатысушы Әлия Нұрғалиева.

Шапағат ӘБДІР

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button