Елорда тынысы

Дұрыс тамақтану мәдениеті



Бас қалада «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасының 10 жылдығына арналған «Салауатты ұрпақты тәрбиелейміз» атты бірінші республикалық конференция өтті.

Іс-шараға еліміздің білім басқармаларының өкілдері мен педагогтар қатысты. Конференцияны ұйымдас­тырушылардың бірі – Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы. Жиын барысында орталық «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасының жұмысымен таныстырды. Конференция аясында бағдарламаны іске асырудың жаңа білім беру құралы – балаларды салауатты өмір салты негіздеріне оқытудың цифрлық курсы ұсынылды. Оның арқасында бағдарлама бүкіл республиканың мектептеріне қолжетімді болады.

«Дені сау оқушыны тәрбиелеу – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан бастауыш сыныптарда балалардың дұрыс тамақтануының маңызы туралы білім мен идеяларды жүйелі түрде алу үшін оқу-тәрбие процесін құру өте маңызды. Бұл бағытта бізде тиімді құрал – «Салауатты тамақ­тану мектебі» бағдарламасы бар. Аталмыш бағдарлама 2013 жылдан бастап енгізілді. Ол бастауыш сынып оқушыларына арналған, өйткені дәл осы жаста мінез-құлықтың барлық нормасы, күн тәртібі мен тамақтану тәртібі белгіленеді, – деп атап өтті Әдістемелік орталық басшысы Сындар Дәуешова.

Әдістемелік орталық өкілдерінің сөзінше, қалада халықаралық зерттеу­лер бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Онда респонденттердің 80 пайызы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан әртүрлі ауруға шалдығатынын жеткізді. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде ата-аналардың 70 пайызы балалардың тамақтануға қатысты көзқарасы өзгергенін айтты. Негізінен, бұл жоба 2017 жылы Астана қаласының мектептеріне енгізілді. Осы уақытқа дейін 29 мектепте бұл бағдарлама оқытылды. Келесі оқу жылында 40-тан аса мектеп қатысады деп жоспарланып отыр.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button