Жарнама талапқа сай болсын
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2023/08/fc15e137c6d87b2777fe49ce9483acfa_1280x720-780x470.jpeg)
Астанада қаланың сырт келбетін дизайн-кодқа сәйкестендіру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Тұрақты негізде елорданың барлық бес ауданында кәсіпкерлерге түсіндіру жұмысы жүргізілуде.
Астанада жыл басынан бері 2700-ге жуық баннер, жарнамалық маңдайша, оның ішінде дизайн-кодқа сәйкес келмейтін дөңгелектердегі жарнамалар бөлшектелді.
Бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн-кодын түсіндіру және бөлшектеу бойынша көшпелі іс-шаралар өткізуде. Кәсіпкерлерге түсіндіру жұмысы жүргізіліп, дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер берілуде.
2023 жылдың қаңтар айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған еді. Жауапты міндет «Астана-Жарнама» мекемесіне жүктелген-ді.
Маңдайшаны ғимараттың немесе құрылыстың қасбетіне орналастыру тұжырымдамасы бар. Онда бизнес өкілдеріне елорданың архитектуралық келбетін бір стильде жүзеге асырудың үлгісі көрсетілді.
Бүгінде елордалық кәсіпкерлер мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауды сезініп келеді. Олар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алу, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, қарызға ішінара кепілдік беру, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу және тағы басқалар.