Елорда тынысы

Оқушыларға – қосымша білім



Жаңа оқу жылы қарсаңында Тұран даңғылында орналасқан жаңа бес қабатты Оқушылар сарайы ашылады.

«SANA» оқушылар сарайында 56 бағыт бойынша 50-ден астам үйірме жұмыс істейді. 99 оқытушы жасөспірімдердің рухани-мәдени шығармашылық әлеуетін дамытатын болады.

Ғимараттың жалпы ауданы – 8 мың шаршы метр. Онда оқушылар судо және авиа модельдеу, фото және бейне студиясы, cooking club (аспаздық клубы), Apple және Windows сыныбында білімін шыңдайды. Басты ерекшелігі – тек балаларға арналған 25 метрлі бассейн болады.

Жасөспірімдер мен балалар үшін қосымша білім беруге арналған орталыққа Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов арнайы барып, жұмысымен танысып:

– Заманауи жабдықтармен жабдықталған орталық бір уақытта 700-ге дейін оқушыны қабылдай алады. Жыл бойы жұмыс істейтін Оқушылар сарайы би, вокал, робототехника, әртүрлі спорт түрлері, әлеуметтік ғылымдар бойынша қызмет көрсетеді, – деді.

Заманауи орталық жаңа оқу жылында жұмысты толық бастауға дайын.

– Орталық мұғалімдерінің 99 пайызы жинақталды. 1 қыркүйектен толық құрамда жұмыс істейміз. Үйірме жұмысы баланың қабілетіне қарай ұйым­дастырылады. Оқушы өзі бейімделіп жатқан сала бойынша жас ерекшелігіне қарай ең төменгі деңгейден жоғары деңгейге дейін шыңдалады. Мысалы, технологиялар курсында бала әуелі техниканың құрылысымен танысады, бірте-бірте роботпен жұмыс істеуге дейін жаттығады. Мұнда заманауи журналистика дағдыларын үйрету курсы бар, – дейді орталықтың білім және тәрбие бөлімінің жетекшісі Қазбек Елубайұлы.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button