Мәдениет

Тегін тамашалаңыздар



18 мамыр күні Ұлттық музейде Халықаралық музейлер күніне арналған «Музейлер түні» шарасы өтеді. ICOM Халықаралық музейлер кеңесінің тұжырымдамасына сәйкес биылғы шараның тақырыбы – «Музейлер, тұрақтылық пен әл-ауқат». Осыған байланысты Ұлттық музей ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтарына «Музей – уақыт ағымында» атты ауқымды тарихи-танымдық жобасын ұсынады.

Күндізгі 10:00-18:00 аралығында Ғылыми кітапханада «Музейдің қор сақтау қызметін ұйымдастыру: теориясы мен практикасы» симпозиумы өтсе, музей залдарында «Балдырған гид» жобасы аясындағы шолу экскурсиялар, «Жәдігерлер сөйлейді» квест-сабағы ұйымдас­тырылады.

Кешкі 18:00-ден бастап Ұлттық музей басылымдары мен «Алматы-кітап» баспасының кітап көрмесі, «Тарихи тұлғалар: қуыршақ бейнесінде» авторлық қуыршақтар көрмесі, «Көненің көзін ашу» атты Ұлттық музей Консервация және қалпына келтіру қызметінің көрмесі мен шеберлік сабақтары, қолөнер жәрмеңкесі, ғылыми дәріс­тер, театрландырылған экскурсиялар мен ойын-квесттер басталады. «Жұлдызды гид» жобасында елге танымал тарихшылар Радик Темірғалиев, Жақсылық Сәбитов, Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, медиаменеджер Арманжан Байтасов, блогер Диас Камериданов пен «Pygmalion» галереясының негізін қалаушы Данагүл Төлепбай музей залдарында экскурсия жүргізеді.

Мерекелік кеште Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Үрмелі аспаптар оркестрі мен «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, би ұжымдары, диджейлер өнерлерін паш етіп, соңында отты шоу көрсетіледі.

Елордамыздың тұрғындары мен қонақтары үшін аталмыш шара музей әлемімен танысуға, музей коллекциялары мен экспозициясын көруге, мәдени бағдарламаларға қатысуға және көңілді демалып қайтуға зор мүмкіндік береді. Кешкі 18:00-ден бастап барлық келушілерге кіру тегін.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button