Құқық

Лаңкестікке жол жоқ

Астанада терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысы өтті. Оған осы орталықтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Бас прокуратураның өкілдері ­қатысты.

Соңғы уақытта Қазақстанда «жалған терроризм» деп аталатын көріністер айтарлықтай артып, 2021 жылмен салыстырғанда үш есеге өсіп отыр.

Интернет желісі арқылы таралатын анонимді хабарламаларға ерекше назар аударылады. Осындай фактілерге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатындағы отырыста ведомствоаралық іс-шаралар жоспары әзірленіп, мақұлданды. Орта мерзімді перспективада халықаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту, материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді нығайту, сондай-ақ осы саладағы құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша жүйелі шаралар кешенін іске асыру көзделді. Тиісті ведомстволардың өкілдері қоғамдық санаға манипуляция жасау мен азаматтарды лаңкестік шабуылдар, сондай-ақ елдегі жағдайды тұрақсыздандыру қаупімен қорқытудың барлық әрекеттері қатаң түрде тоқтатылатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар, отырыста терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел іздестіру қызметінің міндеттерін шешу аясында арнайы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Кеңеске қатысушылар жедел іс-шараларды өткізуге, террористік қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ақпарат және практикалық тәжірибе алмасу тетіктерін жетілдіруге тартылған басшылар мен лауазымды тұлғалардың біліктілігін ұдайы арттыру қажеттігін атап өтті.

 Серік Айдаров,

ЕҰУ-дің студенті

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button