Мәдениет

Ұстаздар байқауда бақ сынайды



Елімізде «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» республикалық конкурсы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары арасында өтеді.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында айтылғандай, педагогтар бейне түріндегі авторлық жұмысын 12 бағыттың бірі бойынша ұсына алады. Атап айтқанда, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтары үшін ерте сауат­тылық, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, денсаулық сақтау сауаттылығы, әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық, азаматтық-құқықтық сауаттылық бағыттары бар.

Конкурсқа жеке немесе авторлық топпен қатысуға болады, топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы тиіс. Мұғалімдердің мына жұмыс­тары қабылданады: дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс, сандық білім беру ресурсы және бейне­подкаст. Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін. Конкурс қатысушылары ұсынатын бейне­материалдардың саны шектеулі. Бір педагог немесе бір авторлық топ тек бір бағытқа қатысуға өтінім беріп, бір бейнематериал жібере алады. 12 бағыттың әрқайсысында бір І орын, екі ІІ орын және үш ІІІ орын беріледі. YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал үшін әр бағыт бойынша мадақтау сертификаты қарастырылған.

Конкурстың барлық марапаттау құжаты біліктілік санатын беру немесе растауда ескерілетіні туралы айта кеткен жөн. Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысу өтінімдері ppi.orleu-edu.kz сайтында қазан айының 10-ына дейін қабылданады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button