Денсаулық

Елордаға емханалар қажет



Жақында ҚР Парламенті Сенатында өткен кеңейтілген отырыста елорда­лық денсаулық сақтау саласының түйткілді мәселелері талқыланды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов мәлім етті.

Ол аталған отырыста шұғыл шешімін қажет ететін бірқатар өзекті мәселелерді көтергенін атап өткен. Соның ішінде елордада емдеу мекемелерінің жетіспеушілігі туралы мәселені ортаға салған.

– Соңғы 10 жылда елордада бірде-бір аурухана, бірде-бір перзентхана салынбаған. Ал қаламыз қарқынды дамып, халық саны жылдам өсіп келеді. Тек соңғы 9 айда елордаға 100 мыңнан астам адам келген. Дәл сол тізімде кадрларды даяр­лау, мамандар тапшылығы және медицина қызметкерлерінің өмір сүру және еңбек етуіне қолайлы жағдай жасау мәселелері бар. Мен бұл отырыста республикалық бюджет есебінен елорданың сол жағалауында кемінде 350 орындық көпсалалы қалалық балалар ауруханасын салу қажеттігін айттым. Республикалық қаржыландыруды қажет ететін мұндай мысалдар көп, – дейді Е.Каналимов.

Сондай-ақ ол «СҚ-Фармация» ЖШС-тің дәрі-дәрмек сатып алу саласындағы реформалары, жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысын көтеру, қолданыстағы санитарлық нормалар және ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу және т. б. мәселелерді қозғаған. Айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер ескерілетін болған.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button