Елорда тынысы

Есіл мен Ақбұлақты тазартады



Астана қаласында Есіл және Ақбұлақ өзендерін биологиялық ремедиациялау (оңалту) қанатқақты жобасы іске қосылды. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бастамасымен суға 2 мың литрге жуық хлорелла суспензиясы төгілді.

Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, Экология департаментінің, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейн­дік инспекциясының, «Қазсушар» РМК, «Бұқтырма уылдырық шашу-­өсу шаруашылығы» ЖШС өкілдері, студенттер мен еріктілер қатысты. Жобаның мақсаты – су қоймасының экожүйесін қалпына келтіру және биологиялық мелиорация әдісімен антропогендік жүктемені азайту. Бұл әдіс қопсытқыш қондырғыда өсірілген «хлорелла» бір жасушалы жасыл балдырлардың штамдарын қолдануды қамтиды.

Суспензия – балдырларға арналған қоректік орта. Ол қанық жасыл түске және судың физикалық қасиеттеріне ие. Оны өсіру үшін планктон штамдары қолданылады. Су қоймаларын улы заттардан тазартуда және балдырлармен эвтрофикациялауда балдырлар суспензиясын қолдану әдісі су қоймасына концентрацияланған суспензияны енгізуден тұрады. Нәтижесінде тазарту және оңалту кезінде су қоймасының экологиялық жағдайы келесі көрсеткіштер бойынша жақсарады деп жоспарланған: су айдынының физика-химиялық көрсеткіштерін жақсарту, суда еріген оттегінің концентрациясының жоғарылауы, су қоймасының гидробиологиялық көрсеткіштерін жақсарту, зоопланктон мен зообентос саны мен биомассасының өсуі, ихтиофаунаның көбеюі.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button