Ел тынысы

Жол картасы бекітілді



Amanat партиясы Астана қалалық филиалында саяси кеңес бюросының отырысында 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаның жол картасы бекітілді. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Астана қаласының сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін Жол картасымен елорданы дамытудың 4 басым бағыты бойынша 127 іс-шара бекітілді. Жол картасына енгізілген іс-шаралар сайлау кезеңінде жиналған жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерінен тұрады. Жол картасының басым бағыттарының бірі – бизнес субъектілерін қолдау арқылы халықтың табысын арттыру. Әрбір 10 мың тұрғынға кемінде 100 жаңа жұмыс орны мен 50 мектеп салынады. Сондай-ақ жыл сайын
жастарға 500 пәтер сатып алынып, спорт алаңдары мен 15 аула клубы ашылады. Бұл ретте жол картасының әрбір тармағы қалалық мәслихаттағы фракция мүшелеріне бекітілді» деп түсіндірді Е.Каналимов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button