Мәдениет

Музейдегі тарих сабақтары



Елорда мектептерінің тарих пәні мұғалімдері 2022-2023 оқу жылында «Музейдегі мектеп күні» жобасы аясында Ұлттық музейде әр аптаның бейсенбі күндері сабақ өткізеді. Аталмыш жоба Астана қаласының Білім басқармасы мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдаумен іске асырылып жатыр. 

Жобаның мақсаты – оқушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.

Музейдегі тарих сабақтарына қала мектептерінің 5-9-сыныптардың оқушылары қатысады. Бір сабақ мектеп бағдарламасына сай 35-45 минутқа созылады. Кезекті сабақты №60 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Б.Құлтай 6-сыныпқа арналған «Қазақ хандығының XVI-XVII ғғ. дамуы», №84 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі Р.Жаханова 9-сыныптар үшін «Тың игеру жылдарындағы Қазақстан», №65 мектеп-гимназиясының тарих пәні ұстазы Ұ.Смағұлова «Астана – тәуелсіз Қазақстанның астанасы» тақырыптарында өткізді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button