Басты ақпарат

Қыран елім – Қазақстан



Елордадағы Мемлекеттік рәміздер алаңында «Қыран елім – Қазақ­станым!» патриоттық акциясын қолдау іс-шарасы өтті. Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұлттық мерекеміз – Республика күніне арналған бейнебаян түсірілімін ұйымдастырып, республикалық челлендж бастады.

Елордалық спортшылар патриоттық акциясын қолдау мақсатында «Қазақстан – республикам менің» атты өлең шумақтарын оқып, челленджді жалғастыру үшін Атырау қаласының спортшыларына жолдады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға өзгерістер енгізіп, 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгіледі. Біз, Астана қаласының спортшылары, Республика күнін жаңа ұлттық мереке ретінде, «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын қолдаймыз, қолдау челленджін Атырау спортшыларына жолдаймыз» деді патриоттық акцияға қатысушы, Олимпиада және әлем чемпионы Серік Сапиев.

Бұл акцияға #РеспубликаКүні, #ДеньРеспублики хештегтерін қолдана отырып, Астана қаласының барлық тұрғындары үн қоса алады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button