Елорда тынысы

Жарнама талапқа сай болсын



Астанада қаланың сырт келбетін дизайн-кодқа сәй­кестендіру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Тұрақты негізде елорданың барлық бес ауданында кәсіпкерлерге түсіндіру жұмысы жүргізілуде.

Астанада жыл басынан бері 2700-ге жуық баннер, жарнамалық маңдайша, оның ішінде дизайн-кодқа сәйкес келмейтін дөңгелектердегі жарнамалар бөлшектелді.

Бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн-кодын түсіндіру және бөлшектеу бойынша көшпелі іс-шаралар өткізуде. Кәсіпкерлерге түсіндіру жұмысы жүргізіліп, дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер берілуде.

2023 жылдың қаңтар айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған еді. Жауапты міндет «Астана-Жарнама» мекемесіне жүктелген-ді.

Маңдайшаны ғимараттың немесе құрылыстың қасбетіне орналастыру тұжырымдамасы бар. Онда бизнес өкілдеріне елорданың архитектуралық келбетін бір стильде жүзеге асырудың үлгісі көрсетілді.

Бүгінде елордалық кәсіпкерлер мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауды сезініп келеді. Олар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алу, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, қарызға ішінара кепілдік беру, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу және тағы басқалар.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button