Елорда тынысы

Жеке ғимарат қажет



Жуырда қалалық мәслихат депутаттары Бурабай ­ауданында орналасқан Астана әкімдігінің қарттарға, мүгедектерге және ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығында болып, өзекті мәселелерімен танысты. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Қазіргі кезде бұл орталыққа барлық коммуникациялары бар жеке ғимарат салу қажет. Орталық басшылығы бұл жерге тірек-­қимыл жүйесі бұзылған науқастарға қыз­мет көрсететін бассейн салуды ұйғарыпты. Сонымен қатар, мұнда толық оңалту курсын алуға болады. Орталық қызметкерлері науқастарды күніне 5 рет тамақтандыруға, сапалы емдік-сауықтыру іс-шараларын өткізуге айрықша назар аударады. Жыл сайын орталыққа 5 мыңға жуық адам келеді. 2021 жылы елордалық мәслихат асханаларға қажетті медициналық және жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлуді қолдады. Осы орталыққа қатысты мәселелердің қорытындысын мәслихат отырыстарының бірінде шығарамыз» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button