Қала мен Сала

Нөсер кәрізі мен арық желілері тазартылуда



Елордада нөсер кәрізі мен арық-науа желілерін тазарту бойынша, сорғы станциялары мен тазарту құрылыстарына қызмет көрсету, сондай-ақ проблемалық учаскелерді жою жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Осы бағытта атқарылып жатқан басқа да іс-шаралар туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК Бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы Ерғали Омаров атап өтті.

– Қазақстан Республикасының Президенті ­Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Кеңестің 2019 жылғы 8 қазандағы №19-01-7.36 хаттамасына сәйкес Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі бойынша қала әкімдігіне 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін нөсер кәрізінің коллекторлары мен құрылыстары үшін бірыңғай пайдалану ұйымын айқындау тапсырылған болатын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің төрағалығымен өткен 2019 жылғы 3 сәуірдегі №11-3 хаттамасына сәйкес қаланы дамыту мәселелері бойынша Астана қаласының әкімдігіне нөсерлі кәріз желілерінің бірыңғай теңгерім ұстаушысын анықтау тапсырылды. Осы ретте 2020 жылғы 15 қаңтардағы №509-85 Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК құрылды. Міне, содан бері бұл кәсіпорын жаңбыр, еріген және жерасты суларының су бұру жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін Астана қаласының магистральдық коллекторларының негізгі бөлігіне қызмет көрсетеді, – деді Ерғали Омаров.

Айтуынша, 2023 жылы нөсер кәрізі мен арық-науа желілерін тазарту бойынша, сорғы станциялары мен тазарту құрылыстарына қызмет көрсету, сондай-ақ проблемалық учаскелерді жою жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Нөсерлі кәріз желілерінің жалпы ұзындығы – 458,2 км, қарау құдықтарының жалпы саны – 9 452 дана, жаңбыр құдықтарының жалпы саны – 11 050 дана, арық-науа желісінің жалпы ұзындығы – 48,7 км. Күн сайын осы жұмыстарды атқаруға 40 бірліктен астам арнайы техника мен 325 жұмысшы жұмылдырылады.

Кәсіпорын су тасқыны кезеңінде су басуды болдырмау үшін қар мен мұзды тазарту, арық желісін тереңдету, құбырларды булау, қар шығару, магистральдық коллекторларды тазалау жұмыстарын атқарады. Биыл 42 мың м3 астам су сорылып, айдалып, 6,5 км. коллекторлар тазартылды, 5,5 км. құбыр­лар буландырылды. 177,7 тонна тұнбаны, оның ішінде тазарту құрылыстарындағы тұнба карталарын тазарту «Эко-полигонға» шығарылды.

Нөсерлі кәріз желілерінің жалпы ұзындығы – 458,2 км, қарау құдықтарының жалпы саны – 9 452 дана, жаңбыр құдықтарының жалпы саны – 11 050 дана, арық-науа желісінің жалпы ұзындығы – 48,7 км. Күн сайын осы жұмыстарды атқаруға 40 бірліктен астам арнайы техника мен 325 жұмысшы жұмылдырылады.

– I-Komek 109 қызметіне келіп түскен ашық құдықтар, нөсер кәріздерін және арық-науа желілерін тазарту мәселелері бойынша өтінімдер қаралуда. 2023 жылы келіп түскен өтінімдердің жалпы саны – 445, оның ішінде аудандар бойынша: Алматы – 63; Сарыарқа – 175; Байқоңыр – 66; Есіл – 141. Су бұру жүйесінің жұмысын жақсарту үшін 104 сорғы станциялары мен 15 тазарту құрылыстарына қызмет көрсету бойынша Кәсіпорын мамандары күнделікті негізінде ағызылатын сулардың сапасын жүйелі бақылау, су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану жөніндегі қағидаларға сәйкес сумен жабдықтау жүйесіне тиісті қызмет көрсету (тазарту құрылыстарына, сорғы станцияларына тексеру, тұнба карталарын тазалау, күн сайын коллекторларды, жаңбыр қабылдау торларын, арық-науа желілерін жуу және тазалау, құбырларды булау жүргізіледі), кәсіпорын өндірісінің технологиялық регламентін сақтау, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және кәдеге жарату, тазарту құрылыстары учаскесінің аумағын санитарлық-таза күйде ұстау, ТҚ аумағынан бір дүркін төгінділеріне жол бермеу, шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды жерүсті су объектісіне ағызуға жол бермеу шараларын атқарады. Күн сайын жеке сектордан шаруашылық-фекальды кәріздердің және тұрмыстық сулардың төгінділерінің заңсыз қосылыстарын нөсерлі кәріз желісінде жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағызу фактісі анықталған кезде фото және видео материал әкімшілік сипаттағы шараларды қабылдау үшін табиғат қорғау полициясына жіберіледі, – деді «Elorda Eco System» ШЖҚ МКК Бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button