Оқушылар ұсынатын жоба
Астаналық оқушылар қаланың қоғамдық кеңістіктері мен аулаларын абаттандыру бойынша жобаларды ұсына алады. Осы мақсатта Сарыарқа ауданында «Белсенді қала тұрғындары мектебі» курсына қатысушыларды қабылдау жүріп жатыр.
Курсқа 9-10-сынып оқушылары қатыса алады. Сабақтар екі бөлімнен тұрады. Жобаларды егжей-тегжейлі әзірлеуге кіріспес бұрын оқушыларға абаттандыру, қаржыландыру процесі қалай құрылғаны және өз жоспарын жасау үшін не қажет екендігі туралы айтылады. Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар өз тұжырымдамаларының схемасын жасай бастайды, олар комиссияның қарауына жіберіледі.
«Белсенді қала тұрғындары мектебі» курсын іске асыру «Халық қатысатын бюджет» республикалық жобасына негізделеді. Бұл жоба еліміздің басқа қалаларында тәжірибеге енгізіліп, бүгінде өз нәтижесін көрсете алды. Алайда елордалық жобаға алғаш рет оқушылар қатысқалы отыр. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, мұндай жоба балаларға мектеп кезінен бастап өз қалалары үшін жауапкершілікті сезініп, Астананы ажарландыруға бастамашы болуға және елге, жерге деген сүйіспеншілікті дамытуға көмектеседі.
Курс тегін өткізіледі. Жоба қатысушыларын іріктеу 26 қазанға дейін жалғасады. Жазылу үшін 8-701-225-74-64 нөмірі