Мәдениет

Сағындырған әуендер



Ескірмейтін есті әндерді қанша тыңдасаң да шаршамайсың. Дархан даланы дара үнімен тербеткен дарындар баршылық. Елорда филармония ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше кешті ұсынады.

9 қыркүйекте Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы концерт залында ұйымдастыратын ретро-концертке үрлемелі оркестр, эстрадалық және классикалық вокал бөлімдерінің орындаушылары, ALEM заманауи хореография балеті қатысады. Басталуы: сағат 19.00-де.

Филармония ұжымы ХХ ғасыр­дың ортасынан аяғына дейінгі танымал музыканың ең үздік нұсқаларын жинады. Үрлемелі оркестрге ыңғайланған шығармалар өзгеше болғанымен, қазақстандықтар арасында кеңінен танылған.

Концерттік бағдарламаны атақты қазақ композиторы Еркеғали Рахмадиевтің «Дайрабай» симфониялық күйі ашады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button