Басты ақпаратҚала мен Сала
Таза орта – таза ниет
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2023/04/pic1681102709eab20781065e4241f07aa472ba5d9ff8-780x470.jpg)
29 сәуірде Астанада жалпықалалық экологиялық сенбілік өтеді. Елордада 8 сәуірден бастап 6 мамырға дейін «Жасыл Астана» экологиялық айлық өтіп жатыр.
Оның аясында 4 коммуналдық сенбілік және 2 жалпықалалық сенбілік өткізу жоспарланған. Ал жалпықалық сенбілік кезінде ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызып, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындары маңайлары тазартылады. Елордамыз – Астананың таза болуына, әдемі болуына баршамыз қолдау білдірейік, құрметті астаналықтар!