Мәдениет

«Шаттық» шабыт сыйлады



Бейбітшілік және келісім сарайында балалар мен жасөспірімдерге арналған XVI «Шаттық-2023» қалалық байқауының гала-концерті өтті. Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған «Біз – әлемнің жолашарымыз!» ұранымен өткен шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері қатысып, жылы лебізін жеткізді.

– Бала өміріндегі өнердің алар орны ерекше. Шабыт – өмірге деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, әлемге түсіністікпен, терең көзқараспен, кеңірек қарауға мүмкіндік беріп, жарқын өмір сүруге үйретеді. Ересектердің міндеті – бұл ұмтылысты қолдап, балалардың энергиясын дұрыс бағытқа бағыттау. «Шаттық» байқауынан өнер жолын бастап, бүгінде өнер әлеміне қанат қаққан шын таланттар жетерлік. Бұл – жыл сайын үздік жас музыканттар, хореографтар, суретшілер мен дизайнерлер бас қосатын, елорданың ұлдары мен қыздарын ғана емес, сонымен қатар білім беру ұйымдарының үздік педагогтарын біріктіретін іс-шара. Қатысушыларға жемісті де жеңісті сәттер тілеймін! Жас ұрпақ тәрбиесіне бар күш-қайратын, жанын салып қолдап жатқан әр ата-ана мен ұстазға алғысымды білдіремін, – дейді Есет Байкен.

Биылғы «Шаттық» байқауына елордалық 123 білім мекемесінен 8 бен 18 жас аралығындағы жеті мыңнан астам бала қатысты. Қатысушылар екі апта бойы «Вокал», «Хореография», «Аспапты музыка», «Театр», «Бейнелеу өнері», «Фотосурет және 3D-модельдеу», «Хор әні» аталымдары бойынша өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде 63 алтын, 95 күміс, 125 қола жүлде және 600 дипломмен марапатталды. Қалалық Білім басқармасы ұстаздардың еңбегін де ескеріп, «Шаттыққа» балаларды дайындаған 282 ұстазды марапаттады. Оқушылардың жеткен жетістігі үшін жетекшілеріне арнайы сертификаттар тапсырылды.

Осы жылғы байқаудың жаңалығы репортаждық түсірілім-бэкстейдж болды. Бұл формат арқылы көрермен өнерпаздардың сахна сыртындағы қызыққа толы өмірі мен қызу дайындығын тамашалай алды


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button